fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС 2019 жылға арналған Алматы қаласында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін есептеу бойынша жұмыс жүргізді.

Алматыда ыңғайлы қалалық ортаны құру мақсатында жаңартылған даңғылдар бойында бірден бірнеше жаңа субұрқақтары салынды. Бұдан басқа, қаланың тарихи орталығын қайта құру аясында Алматының «ұмытылған» субұрқақтары жөнделуден өтті.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жұмыс бабымен қаланы аралау барысында Орталық мәдениет және демалыс саябағының қайта құрылғаннан кейінгі жаңа келбетімен танысты.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының тарихи орталығын қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, қала тұрғындарымен әңгімелесті.

Жаңартылған вокзал маңы алаңына қазіргі кезде жаяу жол тақталары төселіп, көгалдандыру алаңы кеңейтілді және 40-тан астам ағаштар отырғызылды. Шағын сәулеттік нысандар орнатылып, Әліби Жангелдин ескерткішінің қаптама тақташалары жаңартылды.

Бүкіләлемдік сәулет күнімен құттықтаймыз! Бүкіләлемдік сәулет күнімен құттықтаймыз! Бүкіләлемдік сәулет — халықаралық сәулетшілердің кәсіби мерекесі, жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбі күні қарсы алады.

 Бүкіләлемдік сәулет күнімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс және креативті идеялар, жоспарларыңыздың сәтті аяқталуын және алға қойылған барлық мақсаттардың орындалуын тілейміз.

Мейрамыңызбен!

Алматы қаласындағы көшелерді жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталады. Қала көшелері жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жаяу жүргіншілерге қолайлы болады.  

Орталық Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын реконструкциялау жұмыстарының бірінші бөлігі Райымбек даңғылынан басталып, Абай даңғылына дейін жүргізіледі. Екінші бөлігі Абай даңғылы мен әл-Фараби даңғылы аралығында жаңарады. Алматы қалалық архитектура және қала құрылысы басқармасы көшелерді жаңғырту жұмыстарына арналған жобалар жайында www.almaty.uaig.kz  сайтында конкурс жариялаған болатын.

"Алматы Бас жоспары" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-да Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazpravda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда шаһардың 2D және 3D картасы әзірленді. Енді қаладағы барлық ғимаратқа қатысты мәліметтер ортақ жүйеге топтастырылады. Жаңа картадан нысандардың зілзалаға төзімділігі, олардың қандай материалмен салынып жатқаны жөніндегі ақпараттарды таба аласыз. Одан бөлек, қызыл сызыққа енген үйлердің тізімін де көруге болады. Бұл жаңашылдық әсіресе пәтер алушылардың көңілінен шыққанға ұқсайды.

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz