fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

 

Бірінші кезеңде Алмалы ауданының бес көшесі әр жексенбі сайын бір күнге жабылады. Жоба эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң ғана басталады.

«Уақытша жаяу жүргіншілер аймағын құру үшін демалыс күндері бірқатар көшені жабуды сарапшылармен талқыладық. Бірінші кезеңде Қабанбай батыр — Гоголь — Назарбаев — Абылай хан даңғылындағы шаршы аймақ ұсынылды. Жұмысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғаннан соң бастаймыз», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Яғни, Қабанбай батыр және Гоголь көшелерінің арасындағы Панфилов көшесі, сонымен қатар Назарбаев және Абылай хан даңғылдары арасындағы Бөгенбай батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көшелері уақытша жаяу жүргіншілер аймақтарына айналатын болады. Қоғамдық көліктер мен арнайы машиналардың жүруіне рұқсат беріледі.

Басты мақсат – көлік жүктемесін азайту. Ал қаланың басқа аудандарында бір жексенбі күні бір ғана көше жабылады.

Сарапшылар қоғамдастығы мегаполистің экологиялық ахуалын жақсартудың бірқатар шараларын қарастыруда. Атап айтсақ, жүк көлігі мен мотоцикльдердің қозғалысына зерттеу жүргізіледі.

Бұл маңызды іске көлік, экология, урбанистика, қала құрылысы салаларының мамандары тартылады. Олар экологиялық ахуалды жақсарту бойынша кешенді шараларды ұсыну үшін қаланың көлік жүктемесін, залалды және дыбыстық заттардың таралу деңгейін жан-жақты зерттеп, өздерінің бағаларын беретін болады.

22 06 20 transport

Дерек көзі: Алматы әкімдігінің ресми сайты

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz