fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

zoom discussion

Су қорғау белдеуіне 20 метрлік шектеу белгіленген Қазақстан Республикасының Су кодексінің 10.07.2009 жылғы редакциясына оралу мүмкіндігі, 8 мыңға жуық алматылықтарға өз ғимараттарын заңдастыруға мүмкіндік береді. Демек, олардың жылжымайтын мүлігі заңды экономикалық айналымға енеді. Бұл туралы бүгін қоғамдық белсенділермен, Үкімет және БАҚ өкілдерімен өткен қоғамдық талқылауда Алмасхан Ахмеджанов мәлім етті.

Қазіргі таңда бұл үйлердің барлығы «заңнан тыс», себебі қолданыстағы ҚР Су Кодексі бойынша 35 м. құрайтын су қорғау белдеуінде салынған.

Алматының бас сәулетшісі, егер бұрынғы нормалар (20 метр) қайтарылса, үйлердің 70% - ға жуығы заңдастырылатын болады. Ал өзенге 10 метрден жақын қашықтықта салынғандар, айналымнан алынады.

Ұсыныс біріңғай емес реакция тудырды. Белсенді экологтар заңнаманы өзгерту, өзен жағалауларында көпқабатты үйлердің жаппай салынуына алып келетінін мәлімдеді. Бұны экологиялық проблемаға әкеледі деп санайды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Қожағапанов бұл мәселені заң деңгейінде шешуді ұсынды.

Осы уақытқа дейін қолданыстағы нормаларға байланысты өз үйлерін заңдастыра алмаған тұрғындар, керісінше, бұл мүмкіндікті оң қабылдады. Халықты түсінуге болады - мекенжай тіркеуі барлығымызға керек. Олар емхана мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметтерін заңды түрде пайдалана алады. Заң бойынша қазір олардың балалары үшін тұрғылықты жері бойынша балабақшалар мен мектептер де жоқ.

Екі сағаттық онлайн-дебаттан кейін қоғамдық талқылауларды қайта өткізу шешілді. Олардың өткізілетін уақыты мен орны туралы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы мен «Алматы бас жоспар» ғылыми-зерттеу институты сайт пен әлеуметтік желілердегі беттерінде хабарланады.

Сонымен қатар, Е.Қожағапановтың тапсырмасы бойынша 17 маусымда ҚЖжУБ басшысы А. Ахмеджанов, қоғам өкілдері мен экологтар проблемалық учаскелерді аралайды.
Алматы қаласының су қорғау белдеулері туралы Презентация

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz