fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

kulab kzҚұрметті ата-аналар! Құрметті қыздар мен ұлдар! Бойжеткендер мен жеткіншектер!

Жаз айы – демалатын және жеке тұрғыда өзін-өзі жетілдіру және дамыту уақыты. Біздер Q-Lab қалалық жобалар зертханасы, балалар мен жасөспірімдерді (5-18 жастағы) кенттенуді (урбанистика) зерттейтін қызықты бағдарламаға қатысуға шақырамыз. Бұл жерде сіз қаланың құрылымы қалай жұмыс жасайтынын, қауіпсіз және қызықты қоғамдық кеңістіктерді жасау қағидаттарын үйренесіз. Сондай-ақ әр түрлі жаңа технологияларды пайдаланып өз арманыңыздағы қаланы жасай аласыз.

Аталған іс-шараны «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы», «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Біз Алматы» жобасы LEGO Education, STEM Center, Recycle BIRGE, Almaty Tour Studio және «Inventive» робототехника академиясымен ынтымақтасқан түрде ұйымдастырып отыр.

Тереңдетілген ісмер-сынық сабақтары келесі күндерде өтеді:
2019 жылғы 8 маусым – Көлік жүйесі және инфрақұрылым (кіру: 500 тг.)
2019 жылғы 15 маусым – Қоғамдық кеңістіктер (кіру: 500 тг.)
2019 жылғы 22 маусым – Қаладағы және қоршаған ортадағы қауіпсіздік (кіру 500 тг.)

Аталған іс-шара сағат 10.00-нан 14.00-ке дейін Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 үй (қиылысы Айманов көшесі, 122 үй), 1-ші қабат мекенжайы бойынша «Алматыбасжоспар» ғимаратындағы Q-Lab кеңістігінде өтеді.

Алдын ала тіркелу міндетті түрде төмендегі сілтеме бойынша жүргізіледі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd8m4CD1bx9DgP7RjgCsD6PKz6GVT11FYdMQWdgYS8OdVILqg/viewform?usp=sf_link

Жағымды оң қуат алып, көп жаңалық білгісі келетін барлық тілек білдірушілерді күтеміз.

Байланыс телефондары:
+7 777 255 51 51
+7 707 730 60 40
+7 775 534 24 60

Іс-шара беті: https://www.facebook.com/events/455970375149775/

Facebook: https://www.facebook.com/qlabalmaty

Instagram: https://instagram.com/qlab.city

program kz

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz