fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

1 june

Құрметті ата-аналар! Қымбатты қыздар мен ұлдар! Бойжеткендер мен жеткіншектер!

Әне-міне дегенше соңғы қоңырау да соғылды, көптен күткен жазғы демалыс та басталып кетті. Жаз айы – демалатын және жеке тұрғыда өзін-өзі жетілдіру және дамыту уақыты. Біздер Q-Lab қалалық жобалар зертханасы, балалар мен жасөспірімдерді (5-18 жастағы) кенттенуді (урбанистика) зерттейтін қызықты бағдарламаға қатысуға шақырамыз. Бұл жерде сіз қаланың құрылымы қалай жұмыс жасайтынын, қауіпсіз және қызықты қоғамдық кеңістіктерді жасау қағидаттарын үйренесіз. Сондай-ақ әр түрлі жаңа технологияларды пайдаланып өз арманыңыздағы қаланы жасай аласыз.

Аталған іс-шараны «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы», «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Біз Алматы» жобасы LEGO Education, Rocket Plastics, STEM Center, «Inventive» робототехника академиясымен ынтымақтасқан түрде ұйымдастырып отыр.

Жобаның ресми ашылуы 2019 жылдың 1 маусымында сағат 10.00-нан 14.00-ке дейін Алматы қаласы, Абай даңғылы, 90 үй мекенжайы бойынша, «Алматыбасжоспар» ғимаратының аумағында өтеді.

Аталған іс-шараға кіру тегін.

Тереңдетілген ісмер-сынық сабақтары келесі күндерде өтеді:

2019 жылғы 8 маусым – Көлік жүйесі және инфрақұрылым (кіру: 500 тг.)

2019 жылғы 15 маусым – Қоғамдық кеңістіктер (кіру: 500 тг.)

2019 жылғы 22 маусым – Қаладағы және қоршаған ортадағы қауіпсіздік (кіру 500 тг.)

Байланыс телефондары:

+7 707 730 60 40

+7 702 980 08 70

+7 775 534 24 60

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz