fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

esentay

Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауында қандай өзгерістер күтілуде және жаяу аймақтарды құрудан кәсіпкерлікке келетін пайда қандай болмақ? Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасында Алматы қаласының қалалық жоспарлау және кенттену басқармасының бастығы Алмасхан Ахмеджанов осы жөнінде мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру бизнесі өкілдерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Біздер мейрамханалардан тұратын көшелерді құруға мүмкіндік беретін бірқатар инвестициялық жобаларды әзірлеуді бастадық. Бүгінде біздегі бар барлық аумақтарды ескере отырып, біздер жағалаудағы ғимараттарды бұзу және олардың құрылысын салу қанша қаражат болатынын айқындайтын экономикалық есептеулерді жасап жатырмыз. Есентай өзенінің бойымен Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін созылатын осы жобаға қалталы инвесторларды тарту үшін біздер тереңдетілген әзірлеу жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл істің экологиялық тарабы, су қорғау белдеуі, тартымды және маңызды болатын қоғамдық тамақтандыру объектілерін салуға болатын аймақтар бар – деді А.Ахмеджанов.

Қалада өзіне тартып тұратын аймақтарды құруға болатын жерлерді жетілдіру және құру жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жерлерге келген қала тұрғындары сол жерде болуы мүмкін тамақтану орындарына баратын болады. Қазіргі кезде бұл жоба тек әзірлеу деңгейінде дамып жатыр.

Алматыда жаяу жүргіншілер аймағын құрудың оң тәжірибесі бар.

"– Панфилов көшесін (жаяу жүргіншілерге арналған көше жасау – автор) ұсынылған кезде, көпшілік күмәнданған болатын. Онда қоныстанған мейрамханалар жыл бойы олардың кәсіпкерлігі тұралап жатқанын айтумен болды. Олардың бәрі, егер біз жаяу жүргіншілер аймағын жасап, автокөліктерді шектейтін болсақ, олардың кәсібін тұншықтыратынымызды тынымсыз айтумен болды. Біздер жаяу жүргіншілер аймағын ашқан кезде, ол жерлермен көліктерді жүргізбей тастадық, сол кезде көптеген кафелерге, мейрамханаларға, дүкендерге халық топ-тобымен кірген кезде, түпкі ойымыз түгелімен жүзеге асты. Сіз айтып отырған нәрсені, біз бүкіл қалада жүзеге асырғымыз келеді. Есентай өзені ... Егер сіз Тимирязев көшесі туралы айтып отырған болсаңыз (BRT – жоғары жылдамдықтағы қоғамдық көлік үшін арнайы бөлінген бірінші жол айрығы – автор) одан көлік схемасы көп зардап шеккен жоқ, деп атап өтті А.Ахмеджанов."

Бүгінгі күні қалалық билік органдары шағын және орта бизнестің дамуы үшін көптеген қадамдар жасап жатыр.

– Автокөліктердің жүрісін тоқтатпаған жерлерде кәсіпкерлік көп дамып жатқан жоқ. Сондықтан біз Есентай өзенінің жағалауы сияқты ешқандай автокөліктер жоқ жерлерді таңдап, сонда қоғамдық жаяу жүргіншілер аймағын дамытуды ойластырып жатырмыз. Автокөліктер көп жерде біздер олардың санын қысқартатын боламыз. Адамдар жаяу жүргенде ғана, жан-жағында не болып жатқанын көп аңдайды, бұл шағын және орта бизнестің қарқындап өркендеуіне жол ашады. Панфилов көшесі соның бір мысалы ғана. Бұл тәуекелі көп неғайбыл тәжірибе болды, бірақ біз бұл істе ұтып шықтық – деді басқарма басшысы.

Дерек көзі: Zakon.kz.

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz