fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

26 ақпан күні Алматы бас жоспарының жаңа ғимаратындағы Q-Lab қала жобаларының зертханасында «Алматы – балаларға арналған қала» тақырыбына арналған «Біз Алматымыз» 8-ші форумы өтті.

VIII диалог алаңының тақырыбы – балалар мен жасөспірімдер үшін жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны құру, аталған бағыт аясында келесі сарапшылар шақырылды:

Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры, «Біз Алматымыз» жобасын басқарушы Топтың төрағасы Джим Буттери балалар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туралы айтты.

 Юрий Оксамитный

БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный, балалар мен жасөспірімдердің пікірін ескере отырып, бұл мәселелерді шешуге тек әлеуметтік орта ғана емес, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар да тартылуы керек деп есептейді.

 Алмасхан Ахмеджанов

Алматы қаласының қалалық жоспарлау және кенттену басқармасының бастығы Алмасхан Ахмеджанов өз сөзінде қала аумағын жоспарлау кезінде барлық санаттағы азаматтардың, соның ішінде балалардың мүдделері ескерілетінін атап өтті. Сондай-ақ, соңғы 3-4 жылда қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, алматылықтар үшін қолайлы жағдай жасалып, жасөспірімдерге арналған қалалық кеңістік құрылып, аула аумақтары қайта жаңғыртылып, жаңа ойын алаңдары орнатылып жатқанын баяндады.

 Сэм Уиллиямс

Ұлыбританияның қонақ дәрежесіндегі спикері Сэм Уильямс, қалалық кеңістікті жобалауда көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпқой маман. Данияның Биллунд қаласында ол балалар ойынның көмегімен көп нәрсеге үйрену үшін 46 миллион LEGO кубиктерінен құралған балаларға арналған үлкен ойын алаңын салған. Ойындар балалардың бойында жеке және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырады. Ол балаларға арналған ыңғайлы және қауіпсіз орын жасау үшін бірнеше нұсқа жобаларды ұсынды

Sam Williams

Urban Forum Kazakhstan өкілі Әділ Нұрмақов «Қаладағы балалар» атты UFK мен ЮНИСЕФ бірлесіп жасаған зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеудің мақсаты – қаланың әртүрлі аудандарында балаларға ұсынылатын қызметтер мен инфрақұрылымның жай-күйін ескере отырып, балалар мен жасөспірімдер үшін Алматы қаласындағы қалалық ортадағы достықтың деңгейін талдау болып табылады. Одан басқа, балаларға арналған қалалық ортаны жақсарту бойынша түрлі ұсыныстар айтылды.

Ученики школы «OYLA

«OYLA» мектебінің тәрбиеленушілері балалар мен жасөспірімдер үшін ыңғайлы және қауіпсіз қалалық ортаны құру және жетілдіру бойынша өздерінің үлгілерін ұсынды.

панельная дискуссия

Дөңгелек үстелде баланың мектепке дербес түрде қалай бара алатындығы туралы мәселе талқыланды. Спикерлер ата-аналар үшін негізгі қауіп көзі жол қозғалысы екендігін атап өтті.

Сарапшылардың әрқайсысы осы мәселені шешу үшін бірқатар ұсыныстар жасады:
• Жол қауіпсіздігіне кешенді көзқарас. Мегаполис жолдарында жазатайым оқиғаларды азайтуға арналған «Vision zero» бағдарламасы;
• Мемлекеттік мектептердің бірыңғай мәртебесі;
• Мектеп оқушыларының зерттеулерге және жобалауға қатысуы;
• Ата-аналардың бірігуі;
• Мектепке күнделікті кіру жолдарының белгілі бір уақыт мөлшерінде жабылуы.

мастер-класс

Қатысушылар сондай-ақ, Алматы қаласының балаларға қалалардың достықпен қарауының әлемдік бастамасына болашақта қосылуын талқылап, дауыс берді. Балалар ыңғайлы ойын алаңдарында макеттер құрастырып және ойнауы тиіс.

мастер-класс

Аталған іс-шараны Қазақстандағы Еуропалық Одақтың (European Union in Kazakhstan) қаржылық қолдауымен Британдық Кеңес, Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласының даму орталығы, ЮНИСЕФ және «Urban Forum Kazakhstan» әріптестігімен бірлесіп Қазақстан-Британ техникалық университеті ұйымдастырды.

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz