fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

Ақпанның 21-ші күні Алматы бас жоспары ғимаратында Urban Talks ұйымдастырған «Қалалық метаболизм. Айналмалы экономиканың қағидаттары» тақырыбында семинар өтіп, онда жобаның кураторы, Shifting Paradigms негізін салушы Jelmer Hoogzaad (Йелмер Хогзад) және жобаның аға менеджер Matthew Frazer (Мэтью Фрейзер) сөз сөйледі. Олар табиғи капиталды тиімді пайдалану, оны сақтау және ұлғайту, қалдықтардың азаюына әкелетін маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, басқа елдердің мысалында циркулярлық экономиканың қағидаттары туралы ойларымен бөлісті. Еуропада жасыл экономиканың аясында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Шотландияда кофе қалдықтарын саңырауқұлақтар өсіруде қолданады. Ал IKEA компаниясының голландиялық өндіріс және сауда тобы өз өнімдерінің қалдықтарын жаңа өнімдерді шығару үшін жинайды.

Алматыда жүргізген зерттеулеріне сүйене отырып, Йелмер Хогзад органикалық материал қалдықтарын ауыл шаруашылығында пайдалануға, сондай-ақ циркулярлық экономиканы жүзеге асыруда басқа елдердің тәжірибесін қолдануға кеңес берді. Ол халықты қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар ету қажеттілігін ортаға салды және бір саланың қалдықтары әрдайым басқа салаға таптырмайтын ресурс болып табылатыны жөнінде баяндады.

Городской метаболизм

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz