fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

Алматыда алғаш рет қаланың мәдени нысандарын жобалау бойынша мұрағаттық фотосуреттер, құжаттар мен материалдар жарияланды, деп хабарлайды Tagrinews.kz тілшісі. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының 45 жылдық мерейтойына осы атаумен жинақтың тұсаукесері өткізілді.

Кітапта еліміздің ірі мегаполисінің сәулеттік-жоспарлау шешімдерінің ерекшеліктерін көрсететін тарихи құжаттар жинақталған. Жинақты шығарушылар зерттеушілер мен қызығушылық танытқан оқырмандарды Алматы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастырудың негізгі кезеңдерін көрсететін ретроспективті құжаттармен таныстырғысы келеді.

Выставка достижений народного хозяйства

Халық шаруашылығының жетістіктер көрмесі («Атакент»)

Жинақта қаланың негізгі мәдени нысандарының барлық дерлік сызбалары бар. Олардың ішінде қазіргі кезде толық бұзылып кеткен «Алатау» кинотеатры, әлі де бар мемлекеттік мұражай және цирк, театрлар, кітапханалар, мәдениет үйлері және тағы басқалары бар. Кең ауқымды оқырмандарға тұңғыш рет ұсынылған барлығы 144 құжат жарияланған.

Кинотеатр

«Қазақстан» кинотеатры және Қазақ драма театры

Дворец республики

Республика сарайы

«Біздер бірнеше жылдар бойы осы жинақты шығару үшін жемісті еңбек еттік. Белгілі бір себептермен біздер оны қазір ғана жариялауымызға мүмкіндік туып отыр. Жинақта қаланың көшелерінде кездестіруге болатын мәдени нысандардың түпнұсқа қасбеттерін, көріністерін және орналасуларын көре аласыз. Олардың кейбіреуін қазіргі түрінен басқаша етіп салу жоспарланғанын байқауға болады. Басқалары қайта құру жұмыстарынан өтті. Біздер негізінен өзгерістерге ұшыраған кейбір ғимараттарға назар аудардық және соларды жарияладық», – дейді мұрағат директоры Баян Жұматаева.

Центральный государственный музей Казахстана

Қазақстанның орталық мемлекеттік мұражайы

Театр драмы имени Ауэзова и Художественная галерея имени Шевченко

Әуезов драма театры және Шевченко атындағы өнер галереясы

Кинотеатр

«Октябрь» кинотеатры 1955 жылы Назарбаев және Мәметова көшелерінің қиылысына салынған. Қазіргі кезде ғимарат бұзылып кетті.

Государственный академический русский театр драмы имени Лермонтова

Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Дерек көзі:  Tengrinews.kz

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz