fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматы қаласында халық өмірінің сапасын арттыруға арналған бірқатар нысандар іске қосылуда. Алматыда бос уақытты өткізуге арналған үш жаңа қоғамдық алаң ашылды.

Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз! 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғын үйлерді, әлеуметтік және өндірістік нысандарды пайдалануға берудің аралық қорытындылары туралы айтып берді.

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматыда балаларға арналған музыкалық мектеп, мектептердің негізгі ғиматтарына жалғастырыла салынған қосымша құрылыстар және балабақшалар пайдалануға беріліп жатыр. Білім беру нысандарының құрылысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы негізінде басталды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-сәулетші күнімен құттықтаймыз! Сіздерге үнемі шабыт пен қызықты шығармашылық идеялар, барлық және жаңа таңғажайып жобаларға табыстар тілейміз.

Алмалы ауданында тұрғын үйлердің қасбеті жөнделуде. Ғимараттарға кішкентай кезінен бастап алматылықтарға таныс келбеті қайта оралады.

Мегаполисте веложолдар жүйесін дамыту жалғасады, бірақ бұл ретте алматылықтардың пікірін де, көшелердің өткізу қабілетін де мұқият зерттейтін болады.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң уақытша жаяу жүргінші аймақтарын құру жөніндегі пилотты жобаның қолға алынатынын хабарлады.

Су қорғау белдеуіне 20 метрлік шектеу белгіленген Қазақстан Республикасының Су кодексінің 10.07.2009 жылғы редакциясына оралу мүмкіндігі, 8 мыңға жуық алматылықтарға өз ғимараттарын заңдастыруға мүмкіндік береді.

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz