fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

Erkebulan Abatovich kz

Инженерлік-ізденушілік қызмет бөлімінің негізгі атқарымдары:

• Инженерлік-геодезиялық ізденістер саласында ЖШС ұсынатын қызметтер деңгейін ұстап тұру жөніндегі шараларды ұйымдастыру және іске асыру (өз қызметтері геодезиялық іздестіру жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен қарым-қатынастарды сақтау, ЖШС сайтында, буклеттер және т.б. Интернетте орналастыру үшін геодезиялық ізденушілік саласындағы мүмкіндіктері туралы ақпаратты дайындау);
• Инженерлік-геодезиялық ізденістер саласындағы қызметтің заңнамалық және нормативтік талаптарын өзгертуге мониторинг жүргізу және осыған сәйкес, ЖШС тиісті ішкі реттеушілік құжаттардың талаптарын өзектендіру;
• Инженерлік-геодезиялық іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған шарттардың жобаларын, сметаларды дайындау, тапсырыс берушілерден өтінімдер мен техникалық сипаттамаларды қабылдау;
• Инженерлік-геодезиялық ізденістерді ұйымдастыру және өндіру;
• Жер бедерін барлау жасау үшін объектілерге шығу;
• Геодезиялық ізденістер бойынша заманауи автоматтандырылған деректерді өңдеу жүйелерінің барлық мүмкіндіктерін қолдану;
• Уәкілетті органдардың аккредиттелген ұйымдарында тексеру үшін геодезиялық құралдарды уақытылы ұсынуды ұйымдастыру;
• Геодезиялық ізденістерді аяқтау жұмыстарын есепке алу, зерттеу нәтижелерін тіркеу үшін жазбалардың белгіленген формаларын сақтау болып табылады.

 

bw otdel monitoringa

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz