fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

Nadezhda Aitkazyevna kz

Ғылыми-зерттеу бөлімінің негізгі міндеттері:
• Алматы қаласының қала құрылысы жүйесін дамыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді, талдауды, заңдылықтарды анықтауды және қағидаттарды мен оларды оңтайландыру әдістерін әзірлеу;
• Алматы қаласы мен оның қоршаған ортасын дамыту мәселелерімен айналысатын қоғамдық және ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының қызметін қадағалау, оңтайландыру және үйлестіру;
• Ғылыми-тәжірибелік жобалау және жобалау тәжірибесіне нәтижелерді енгізу;
• Нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
• Қоғамдық пікірді зерттеу (мониторинг жүргізу), зерттеу, талдау;
• Қоғамдық-кәсіптік кеңестерге, Алматы қаласы әкімдігінің қала құрылысы Кеңесіне қатысу болып табылады.
Ғылыми-зерттеу бөлімінің негізгі атқарымдары:
• Ғылыми зерттеу және жобалау жоспарларын дайындау, олардың орындалуының міндеттері мен әдістерін анықтауды қамтамасыз ету;
• Алматы қаласының бас жоспарының материалдарын талдау және мемлекеттік қала құрылысы кадастры туралы мәліметтер негізінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау және мәселелер ауқымын анықтау;
Алматы қаласы мен оның қоршаған ортасын дамыту бойынша сәулет-қала құрылысы қызметінің жобалық, ғылыми және қоғамдық ұйымдар арасында біріктіруші рөлін іске асыру;
• Қаланы және оның қоршаған ортасын дамыту және жоспарлау бойынша семинарларды, қоғамдық талқылауларға қатысу және өткізу болып табылады.

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz