fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

Ruslan Gazizovich kz

Жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру бөлімінің негізгі міндеттері:
• Жоғары сапалы жұмыстарды бекітілген мерзімде, жоғары техникалық деңгейде орындау;
• Жобаның жекелеген бөліктерін (бөлімдерін) немесе жұмыстың жекелеген түрлерін әзірлеуді және белгіленген атқарымдардың орындалуын бақылау жасауды жоспарлау және үйлестіру;
• Алматы қаласы бойынша кезекші мекенжай жоспарын құру және жүргізу: ғимараттар мен имараттарға арналған табиғи тексеру және техникалық төлқұжат деректерінің материалдары бойынша Алматы қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру және мәліметтерді өңдеу, Алматы қаласының жергілікті координаттар жүйесіне байланыстыру арқылы сәйкестендірілетін ғимараттар мен имараттарды векторлау және көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда, оның ішінде мекенжай жоспары мен тіркеуге арналған өнеркәсіптік ЖШС атрибутивтік ақпаратты енгізу;
• Алматы қаласының Мәслихаты мен Әкімдігінің қаулылары мен шешімдеріне сәйкес Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай мәліметтерін жүйелеу және түзету жасауды жүзеге асыру;
• Азаматтардың өтініштері мен Мекенжай Тіркелімі Ақпараттық Жүйесінің (МТ АЖ) деректерінің (сәйкестендіру кәртішкелері) бойынша жергілікті координаттар жүйесіне байланыстыру арқылы, қала құрылысы базасының кезекші мекенжай жоспарын толықтыру;
• Жылжымайтын мүлік объектілерінің негізгі сипаттамаларының мәліметтері бойынша деректерді талдау және атрибутивтік ақпаратқа деректерді енгізу үшінсәйкестендірілетін жылжымайтын мүлік объектілеріне функционалды пайдалану үшін жобалық регламенттерді бекіту;
• Қолданыстағы стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келетін техникалық құжаттаманы дайындаудың сапасы мен уақтылығына бақылау жасау;
• Жұмыстың кезеңдерінде және тұтастай алғанда тапсырма бойынша есептерді дайындауды басқаратын зерттеу материалдарын жинақтау;
• Жобалау кезінде оны пайдалану мақсатында ұқсас жұмысты жүзеге асыруда алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу;
• Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалануға енгізу актілерін ресімдеу және өңдеу жолымен кезекші мекенжай жоспарын толықтыру;
• Азаматтардың «Қызыл сызықтарды» анықтауға берген өтініштері бойынша атрибутивтік ақпараттарды өңдеу және енгізу болып табылады.

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz