fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

Құрылу тарихы

2009

Сәулет және қала құрылысы саласындағы барлық бөлімдер бойынша қала құрылысы кадастрының ақпараттық деректер қорын құру және жасау бойынша мәселелерді шешу үшін Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 2/99 қаулысымен Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қала құрылысы кадастры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылған болатын.
2012

Алматы қаласы әкімінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 4/969 қаулысымен 2012 жылы Алматы қаласы әкімдігінің «Ақпараттық-технологиялық орталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.
2017

2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қазандағы қаулысы негізінде «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып атауы өзгертілді. «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС қаланың қала құрылысы саясатын үйлестіреді және мегаполистің құрылысын ғылыми көзқарас тұрғысынан қарастырады. Ақпараттық қала құрылысы деректер базасын жүргізу және жинау бойынша мәселелерді шешудің бірыңғай орталығына айналды.

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz