fbpx
«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

Әзірленген коэффициенттер 2019 жылы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік объектілеріне салық салу үшін қолданылатын болады.

Аймаққа бөлу коэффициентін анықтаған кезде, үдемелі әлеуметтік-экономикалық серпінге ие болған Алматы қаласындағы барлық аудандар қарастырылды және мұқият зерттелді.

Барлық аудандар бойынша жылжымайтын мүлік объектілерін егжей-тегжейлі саралау бұрынғы бағалау аймақтарының шекарасында жасалды, яғни, бағалау объектілері оң нәтиже факторларынан мақсаттық тағайындамасы мен орналасқан жағдайын ескере отырып бөлінді.

Есептелген аймаққа бөлу коэффициентіне, аудандардың сәулет және қала құрылысы саясатында орын алған өзгерістер; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол және көлік қызметтеріндегі өзгерістер; экологиялық жағдайдың және азаматтардың қауіпсіздігіндегі өзгерістер әсер етті.

Аймаққа бөлу коэффициентін анықтау жұмыстары «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

kontur

Дерек көзі: Управление архитектуры и градостроительства города Алматы

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz