fbpx
«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

Бұл туралы ресми сауалдамаға жауап бере отырып, Tengrinews.kz тілшісіне қалалық әкімдіктен хабарлады. Аталмыш көшеде жаңа желекжол мен екі жаяу жүргіншілер аймағын құру жоспарланып отыр. Олар Арбаттың жаяу жүргіншілер аймағының жалғасы болады.

 zhibek zholy 2

zhibek zholy 3

Аталған жер бөлігінің сәулеттік шешімі орталық көшелердің қайта құрылуымен бірдей нұсқада орындалады. Барлық жаяу серуендеу аймағының бойына гранит тақташалар төселіп, авторлық кішігірім сәулет нысандары, жаңа жарық беру шамдары, жаппа күркелер, қоқыс жәшіктері орнатылады.

zhibek zholy 1

Балалар үшін заманауи ойын алаңдары қарастырылған: әткеншек, теннис үстелдері, балаларға арналған тербелмелер, өрмелеу қабырғалары мен төбешіктер орнатылады. Таза ауада спортпен шұғылданғысы келетіндер үшін спорттық-ойын алаңшасы ұйымдастырылады.

zhibek zholy 2

Бұл көшеде жаяу жол жамылғыларын қайта құру, жаяу жүргіншілер аймағын сәулеттендіру, ағаш отырғызу жоспарлануда. Тәуліктің қараңғы уақытында қолайлы болу үшін көшеде әсерлі жарықтандыру ұйымдастырылады.

 zhibek zholy 3

Аэровокзал ғимаратының алдына түнде жарықтанып тұратын құрғақ субұрқақтар орнатылады. Көшенің барлық ұзына бойына «ақылды» бағдаршамдар пайда болады. Қайта құру жұмыстары 2019 жылдың екінші тоқсанында басталады. Барлық істі 2019 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.

zhibek zholy 1

2017 жылдың қыркүйегінде Панфилов көшесі мен Астана алаңын (Ескі алаң) қайта құру жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ қалада Арбат жаяу жүргіншілер аймағы, К.Байсейітова мен М.Төлебаев көшелері жаңартылды. Әкімдік жоспарлағандай, қаланың тарихи орталығы жаңа еуропалық келбетке ие болды.

Дерек көзі: Tengrinews.kz

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz