Жаңа субұрқақтар, балалар мен спорт алаңдарының құрылысын салуға басқарушы компания 1,6 млрд. теңгеге жуық жеке қаражат бөлді.
Орталық саябақтың аумағында жарықтандыру тіректері, асфальт төсемі және тротуар тақталары жаңартылып, бағыттамалар орнатылды, жасыл желектерді отырғызу жүргізіліп жатыр. Бұрын автокөлік тұрағы орналасқан саябақтың дәл ортасында, спорт алаңдары, көше жаттығулары, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром және скейтодром салынды.
Жазғы сахнаның шығыс жағында алма ағаштарын орнатумен көмкерілген жаңа субұрқақ пайда болды. Бұдан басқа, 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемеген көне субұрқағы жөндеуден өтті.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттарына сәйкес, 90-жылдардан бері жұмыс істемеген «Велотректі» қайта жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы саябақ аумағында жаңа балалар қалашығын құру жоспарланып отыр.
Осы жұмыстармен қатарластырылып, Медеу ауданы әкімдігінің тарапынан қаланың орталық саябағына әкелетін Гоголь көшесін көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аясында, көше жиһаздарын орнату арқылы, жаяу жүргіншілерге арналған жаяужол жөндеуден өткізіледі. Бұған дейін қаланың тарихи орталығын қалпына келтіру жұмыстары аясында Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Гоголь көшесінің бір бөлігі жаңартылған болатын.
Алматы қаласының тарихи орталығының 65% қайта жаңғыртылып, 524 көше және 1400-ге жуық ескі аулаларына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өту керек. 300 шақырым арықтар мен 800 шақырымнан астам инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық жер асты өткелдері жаңартылды.
Жылдың соңына дейін барлық көше жарықтандыру шамдарының үштен бірі жарық диодты және қуат үнемдейтін шамдарға ауыстырылатын болады. Жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87% -ға дейін жаңартылады.
Источник: Tengrinews.kz