fbpx
«Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС

Жаңалықтар

Қызметтер

Сәулеттік жобалау
Инженерлік-ізденушілік қызметі
Инженерлік желілерді жобалау
Өндірістік-монтаж жасау қызметтері
Алматы қаласының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру

Жобалар

1 жоба

үй-азаматтық нысандарды қайта құру жобасын әзірлеу фото
Абай даңғылы жобалау фото
Тұрғын үй-азаматтық нысандарды қайта құру жоба фото
Абай даңғылы жоба фото
Тұрғын үй-азаматтық жоба фото
Тұрғын үй-азаматтық нысандарды қайта құру жоба фото

«Тұрғын үй-азаматтық нысандарды қайта құру жобасын әзірлеу: Абай даңғылы (Достық даңғылынан Есентай өзеніне дейін), Желтоқсан көшесі (Абай даңғылынан Сатпаев көшесіне дейін)»

Көшелердің қарастырылған учаскелері қаланың орталық бөлігінде орналасқан, ол мегаполистің солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктері арасындағы қоғамдық кеңістіктің байланыстырушы буыны болып табылады. Жобаланған аумақтың шекаралары Абай даңғылының оңтүстігі мен солтүстігінен көшелердің алдыңғы бөлігінің ғимараттары, имараттары және басқа элементтері болып табылады.

мекенжай жоспарында жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру фото

  1. «Алматы қаласының аумағында мекенжайды анықтау бойынша МҚҚ ААЖ кезекші мекенжай жоспарында жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру»

Қызметтің мақсаты – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 378 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу Қағидаларына» сәйкес, дұрыс мекенжайдыберу немесе қуаттау туралы өзектіақпаратты тұрақты негізде Алматы қаласыныңкезекші мекенжай жоспарына енгізу болып табылады.

Бекітілген адрестеуҚағидаларының 59 тармағына сәйкес – мекенжай деректері жылжымайтын мүлік объектілерінің түгендеу деректерін (аулаларды, үйлерді аралап шығу) ескере отырып, елді мекеннің кезекші жоспарында, МҚК ААЖ (электрондық карта) кезекші мекенжай жоспарында қалыптастырылады.

60 тармақ – жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлық мәліметтері құжаттар негізінде, ақпараттық ықпалдастық арқылы елді мекеннің кезекші жоспарынан, МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспарынан «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

61 тармақ –әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің құрам бөліктерін, мекенжайларды алуды, өзгертуді, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың сканерленген көшірмелері МҚК ААЖ-дегі елді мекеннің кезекші жоспарына және кейіннен ақпараттық әрекеттесу шеңберінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Кезекші мекенжай жоспарында МТ АЖ-мен қатар, тағайындау, реттік нөмірді өзгерту немесе жою туралы барлық ақпарат көрсетіледі, яғни, Алматы қаласының қала құрылысы базасында графикалық түрінде қалады.Алматы қаласының барлық ХҚКО-на «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес,мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету бойынша азаматтардың өтініш берген материалдарыбойынша, тұрақты түрдекезекші мекенжай жоспарын толықтыру және мониторинг жүргізіліп отырады.

Мекенжайды түзету бойынша анықтаманы алған кезде тапсырыс беруші сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан жері бойынша сәйкестендіру жоспарын электронды картада ғимараттың және құрылымның орналасуы туралы атрибутивтік ақпаратты сәйкестендіре отырып – әкімшілік ауданның коды, тапсырыс нөмірі, мекенжай жиыны және (немесе) негізгі көшенің атауы, үйдің негізгі нөмірі, планшет нөмірі, қабырға материалы, құрылыстың салынған жылы, қабаттар саны, функционалдық қазіргі қолданысы (мәртебесі) және объектінің атауын қоса алады.

Қала құрылысы базасында жер телімдері үшін қолданыстағы ережелердің сәйкестендіру жоспарын берген кезде, олардың орналасқан жері тапсырыс берушімен ұсынылған Алматы қаласының жергілікті координаттар жүйесіндегі координаттармен және Алматы қаласының электрондық картасына мекенжайды нақтылау, анықтау, өзгертугеарналған мекенжайдың түзетілуі ескеріле отырып – әкімшілік ауданның коды, тапсырыс нөмірі, планшет нөмірі, мекенжай жиыны және (немесе) бас көше атауы, жер телімінің нөмірі, мақсаттық тағайындамасы, жердің иесі немесе жер пайдаланушысы, кадастрлық нөмірі бар атрибутивтік мәліметтер енгізіледі.

       2. «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты»ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»тапсырмасын орындауда көмек көрсету бойынша жұмыстарды орындайды, оның аясында 32 қадамды –Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен жүргізіліп жатқан «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы»интернет-порталын құруға бағытталған іс-шараларды, оны іске асыруды жүзеге асырады.Оны жүзеге асыру үшін Бас прокуратураменҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің базасында «Қылмыс картасы» геоақпараттық сервисін трансформациялау және жетілдіру бойыншажұмыстар жүргізіледі.

«Қылмыстық құқық бұзушылық картасы»32 қадамын жүзеге асыру,жүргізу және толықтыру жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатқызылған «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен біріктіруді көздейді.Осыған байланысты, жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру бойынша жұмыс барысында құрастырылатын деректер «Қылмыстық құқық бұзушылық картасын» қалыптастыру кезінде бастапқы деректер болып табылады.

мүлік объектілерін сәйкестендіру фото

Мемлекеттік органдармен бiрге қызмет етемiз

Түрксіб ауданы
Жетісу ауданы
Медеу ауданы
Алмалы ауданы
Әуезов ауданы
Наурызбай ауданы
Бостандық ауданы
Алатау ауданы

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz