Байқаушы кеңесінің мүшелерін конкурстық таңдау
«Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, байқаушы кеңесінің мүшелерін іріктеу конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.
Байқаушы кеңесі – Серіктестіктің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыратын Серіктестіктің алқалы органы.

Байқаушы кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді, байқаушы кеңесі мүшелерінің қызметі ерікті негізде жүзеге асырылады.

Байқаушы кеңесінің мүшесі болып жоғары білімі бар (сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында), кем дегенде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар тұлға ғана мүше бола алады, басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі көтермеленеді.

Байқау кеңесінің мүшесі бола алмайды:
1) Серіктестіктің атқарушы органының мүшесі болса;
2) жоғары немесе орта арнайы білімі жоқ болса;
3) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болса;
4) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған болса.

Байқаушы кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптарға жоғары білім, сондай-ақ келесі талаптардың бірі кіреді:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (еркін нысанда);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) білімі туралы куәліктің көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
8) үміткер өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби саладағы жеке жетістіктерінің кәсіби деңгейіне қатысты оның жеке басын сипаттайтын қосымша құжаттар мен ақпараттар ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары).
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Байқаудың өткізілетін орны – Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90 ғимарат (5 қабат).

Анықтама үшін телефон: +7 727 265 90 01 (ішкі 121)
Байқаушы кеңесінің хатшысы: Құсайынов Шыңғыс Қайратұлы
Байқаудың басталу күні – 2020 жылдың 9 қарашасы.
Байқаудың аяқталу күні – 2020 жылғы 9 желтоқсан.