«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

Алматы қаласындағы көшелерді жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталады. Қала көшелері жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жаяу жүргіншілерге қолайлы болады.  

Орталық Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын реконструкциялау жұмыстарының бірінші бөлігі Райымбек даңғылынан басталып, Абай даңғылына дейін жүргізіледі. Екінші бөлігі Абай даңғылы мен әл-Фараби даңғылы аралығында жаңарады. Алматы қалалық архитектура және қала құрылысы басқармасы көшелерді жаңғырту жұмыстарына арналған жобалар жайында www.almaty.uaig.kz  сайтында конкурс жариялаған болатын.

"Алматы Бас жоспары" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-да Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazpravda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда шаһардың 2D және 3D картасы әзірленді. Енді қаладағы барлық ғимаратқа қатысты мәліметтер ортақ жүйеге топтастырылады. Жаңа картадан нысандардың зілзалаға төзімділігі, олардың қандай материалмен салынып жатқаны жөніндегі ақпараттарды таба аласыз. Одан бөлек, қызыл сызыққа енген үйлердің тізімін де көруге болады. Бұл жаңашылдық әсіресе пәтер алушылардың көңілінен шыққанға ұқсайды.

Байланыс

Алматы қ.
 Абай даңғылы, 90 
Телефон: +7 (727) 265-90-01
Email: gp@almatygenplan.kz