«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

"Алматы Бас жоспары" ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-да Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Kazpravda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың 10 жүйесі мен республикалық жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматының голографикалық макеті үлкейтуге, имитациялауға және мегаполистегі түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түрінде таныстырылды.

Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Дерек көзі: Kazpravda.kz (https://www.kazpravda.kz/kz/news/prezident2/prezident-almati-bas-zhospari-gzi-zhumisimen-tanisti)

almatygenplan2

Байланыс

050000 Алматы қ.
 ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ, 85
Телефон: +7 (727) 272-44-01
Email: gp@almatygenplan.kz