«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

Алматы қаласындағы көшелерді жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталады. Қала көшелері жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жаяу жүргіншілерге қолайлы болады.  

Орталық Нұрсұлтан Назарбаев даңғылын реконструкциялау жұмыстарының бірінші бөлігі Райымбек даңғылынан басталып, Абай даңғылына дейін жүргізіледі. Екінші бөлігі Абай даңғылы мен әл-Фараби даңғылы аралығында жаңарады. Алматы қалалық архитектура және қала құрылысы басқармасы көшелерді жаңғырту жұмыстарына арналған жобалар жайында www.almaty.uaig.kz  сайтында конкурс жариялаған болатын.

Даңғыл бойында реконструкциялау жұмыстарына дейін жаяу жүргіншілерге жалпы 3,1351 га аумақ тиесілі болса, жаңғырту жұмыстарынан кейін бұл көлем 5,4205 гектарға ұлғаяды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың ені 3,5 метрге дейін кеңейеді. Жаңадан субұрқақтар салынып, ескі субұрқақтар жөнделеді. Ерекше атап өтер жайт, даңғылды жаңарту, жаңғырту жұмыстар барысында бірде-бір ағаш кесілмейді. Бұрыннан өсіп тұрған 2149 ағаштың қатары жаңадан тағы 381 түп көшетпен толығады.

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Алматы қаласындағы орталық маңызды даңғылдардың бірі. Даңғыл  Жетісу, Алмалы, Бостандық аудандары аумағында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып, Таулы қыраттағы Қажымұқан көшесіне дейін созылып жатыр. Даңғылдың ұзындығы – 6050 метр. Төле би, Мәметова, Молдағұлова, Мақатаев, Қазыбек би, Әйтеке би,  Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Қарасай батыр, Жамбыл, Шевченко, Құрманғазы, Сәтбаев, Жолдасбеков көшелерімен және әл-Фараби даңғылымен қиылысады. Көне атауы атауы – Лепсі (Лепсинская) көшесі. 

Көше бойында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғимараты, Алматы қаласы әкімдігі, Француз үйі, «Универсам», «Алтын» «Гаухар», «Мұхит», «Рамстор» сауда орталықтары орналасқан.

Дерек көзі: Алматы қаласы Сәулет және Қала Құрылысы Басқармасы (https://almaty.uaig.kz/zhanalyktar/bak_biz_turaly/nazarbaev-da-yilyinda-ne-zgeredi/)

Байланыс

050000 Алматы қ.
 ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ, 85
Телефон: +7 (727) 272-44-01
Email: gp@almatygenplan.kz