«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы қаласының тарихи орталығын қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, қала тұрғындарымен әңгімелесті.

rekonstrukciya centra 1

Биылғы жылы жаңа субұрқақтар іске қосылып, олардың бұзылғандары жөнделуден өтті. Абылай хан даңғылындағы көңіл көтеру мекемелерінің біріндегі сатушының айтуынша, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген субұрқақтың жөнделуінен кейін, олардың мекемесіне келуші клиенттердің саны арта бастағаны байқалған.

rekonstrukciya centra 4

rekonstrukciya centra 6

Кедергісіз ортаны құру үшін ыңғайлы өтпе жолдардың санын көбейтіп, Абай даңғылы бойындағы Спорт және туризм академиясының алдындағы жаңа субұрқаққа ыңғайлы түсіп-шығу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көлік жолына өте жақын орналасқан аялдама кешендері өтпе жолдан сәл кейінге ығыстырылды. Бұдан басқа, жолаушылардың үлкен қозғалысы бар орындарына қосымша аялдамалар орнатылып жатыр.

rekonstrukciya centra 2

Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, қалалық ортаны дамыту аясында, қаланың тарихи орталығының үштен екісі қалпына келтіріліп, 524 көше және 1400-ге жуық ескі аулалар жөнделуден өтті. Бүгінгі күні жаңартылған даңғыл жолдар бойына ағаштар отырғызу, заманауи және ыңғайлы көше жиһаздарын орнату жүріп жатыр.

Жаңа жаяу жолдарды жарықтандыру үдерісі жалғасуда. 300 шақырым арықтар мен 800 шақырымнан астам инженерлік желілер ауыстырылды. Қаланың барлық жер асты өткелдері жаңартылды

rekonstrukciya centra 1

rekonstrukciya centra 3

Источник: Tengrinews.kz

Байланыс

050000 Алматы қ.
 ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ, 85
Телефон: +7 (727) 272-44-01
Email: gp@almatygenplan.kz