«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

Алматыда ыңғайлы қалалық ортаны құру мақсатында жаңартылған даңғылдар бойында бірден бірнеше жаңа субұрқақтары салынды. Бұдан басқа, қаланың тарихи орталығын қайта құру аясында Алматының «ұмытылған» субұрқақтары жөнделуден өтті.

fontain 5

Осылайша, ҚТЖ ғимаратының алдындағы бұрынғы көлік тұрағының орнында жаңа субұрқақ пайда болды. Назарбаев даңғылының бойында бірнеше «құрғақ» субұрқақтар салынды.

fontain 1

Қала тұрғындарын Абай даңғылындағы, оның ішінде спорт және туризм академиясы мен бұрынғы Түрксіб ауруханасы ғимаратының алдындағы жаңа субұрқақтары қуантатын болады.

fontain 3

Ұлттық кітапхана мен Бәйсейітова көшесінің арасындағы субұрқақтың құрылысы аяқталды. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының алдында жұмыс істемей тұрған субұрқақ жөндеуден өтті.

fontain 2

Республика сарайының алдындағы жаңартылған Абай алаңында қалпына келтірілген бірнеше жаңа субұрқақтар пайда болды.

Абылай хан даңғылы бойында, Шевченко және Қарасай батыр көшелерінің қиылыстарындағы ескі субұрқақтар қалпына келтірілді. Құрманғазы атындағы консерваторияның алдында жаңа субұрқақ салынды. Бұдан басқа, Алматы-2 теміржол вокзалының маңындағы алаңда «құрғақ» субұрқақ пайда болды.

fontain 7

Орталық саябақтың қайта қалпына келтірілген аумағындағы жазғы сахнаның шығыс жағында алма ағаштарын орнатумен көмкерілген жаңа субұрқақ пайда болды. Осы жерде 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемеген көне субұрқағы жөндеуден өтті.

Жаңа субұрқақтар мен қайта қалпына келтірілген көне субұрқақтарды қайта қалпына келтіру кезінде, айналма сумен жабдықтау, пішінді басқару жүйелері, су шапшымаларының биіктігі, түрлі-түсті галогенді шамдармен жарықтандырылған алдыңғы қатарлы заманауи технологиялар қолданылды.

fontain 6

Инженерлік коммуникацияларды аязда қатып қалудан қорғау үшін барлық субұрқақтар қысқы кезеңде қымталып қорғалған.

Алматы қаласында қаланың тарихи орталығының 60 пайыздан астамы қайта жаңартылып, 524 көше мен 1400-ге жуық ескі аулалар қайта жөнделуден өткенін айтып өту керек.

Қаланың барлық көше-даңғылдары астындағы жер асты өткелдері жаңартылды. 300 шақырым арықтар мен 800 шақырымнан астам инженерлік желілер ауыстырылды.

Жылдың соңына дейін барлық көше жарықтандыру шамдарының үштен бірі жарық диодты және қуат үнемдейтін шамдарға ауыстырылатын болады. Жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87% -ға дейін жаңартылады.

fontain 4

Источник: Капитал

Байланыс

050000 Алматы қ.
 ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ, 85
Телефон: +7 (727) 272-44-01
Email: gp@almatygenplan.kz