«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

Геоақпараттық жүйедегі (ГАЖ) Алматы қаласының қала құрылысы қызметінің ақпараттық дерекқоры – Алматы қаласының жергілікті координаттар жүйесінде картографиялық және атрибутивтік деректерді жинау, сақтау, өңдеу, жинақтау, жаңарту және түсіруді қамтамасыз ететін деректер базасы болып табылады.

Заңнамада белгіленген тәртіпте қала құрылысы қызметінің деректер базасына ақпаратты жергілікті сәулет және құрылыс органдары беріп отырады:

-қала құрылысы жобалары (Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген НЖЖ), оның ішінде бекітілген қызыл сызықтар мен қала құрылысы туралы регламенттер;

-сәулет жобалары (сәулет және қала құрылысы басқармасымен бекітілген);

-ғимараттар мен имараттарды пайдалануға қабылдау актілерін дайындау кезіндегі материалдар;

-жер комиссиясына материалдарды дайындау кезінде: мақсатты тағайындама өзгерген кезде материалдар 1 жұмыс күні ішінде өңделеді; меншік құқығын тіркеу, жер телімдерін беру, жер телімдерінің тілігін беру, жалдау шарттарын ұзарту және т.б. 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады

- регламенттер мен есептермен бірге СЖТ беру кезінде олар да 1-2 жұмыс күні ішінде өңделеді.

service 1

service 2

Байланыс

050000 Алматы қ.
 ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ, 85
Телефон: +7 (727) 272-44-01
Email: gp@almatygenplan.kz