«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

«2015-2020 ж.ж. Тозған тұрғын үй» мекенжайлық инвестициялық бағдарламасы. Материалдарды дайындау.

Жұмыстар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты және «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық жоспар регламенті – ағымдағы Бас жоспарды жүзеге асыру бойынша ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІ сессиясының «Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін жүзеге асыру жоспарын бекіту туралы» 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 шешімімен бекітілген нормативтік-құқықтық құжат.

Геоақпараттық жүйедегі (ГАЖ) Алматы қаласының қала құрылысы қызметінің ақпараттық дерекқоры – Алматы қаласының жергілікті координаттар жүйесінде картографиялық және атрибутивтік деректерді жинау, сақтау, өңдеу, жинақтау, жаңарту және түсіруді қамтамасыз ететін деректер базасы болып табылады.

 

  1. «Алматы қаласының аумағында мекенжайды анықтау бойыншаМҚҚ ААЖкезекші мекенжай жоспарында жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру»

Инженерлік желілердің кезекші жоспары – Алматы қаласының жергілікті координаттар жүйесінде орындалған тиісті параметрлері мен көрсеткіштері (атрибутивтік деректермен) бар инженерлік коммуникациялардың геоақпараттық сандық картасы.

Біздің жоғары білікті инженерлік құрамымыз бар және төмендегі қызметтерді көрсету үшін барлық қажетті жабдықтар мен құралдарымыз бар:

Байланыс

050000 Алматы қ.
 ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ, 85
Телефон: +7 (727) 272-44-01
Email: gp@almatygenplan.kz