«Алматы бас жоспары «ҒЗИ» ЖШС

Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпандағы №2/99 қаулысымен сәулет және қала құрылысы саласындағы барлық бөлімдер бойынша қала құрылысы кадастрының ақпараттық дерекқорын жинау және құру мәселелерін шешу үшін Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қала құрылысы кадастры» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды.

«Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 Жарлығымен Алматы қаласының аумағына жалпы ауданы 23 200 гектар Алматы облысы жерінің бөлігі қосылды. Алматы облысы аумағының көрсетілген бір бөлігін Алматы қаласының аумағына қосуды есепке алғанда, Алматы қаласының ауданы шамамен 70 220 гектарды құрайды.

Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде қосымша шығындарды болдырмау, қала құрылысы қызметінің дерекқорын тікелей Алматы қаласының әкімдігі тарапынан тікелей бақылау және есеп беру мақсатында, сәулет және қала құрылысы саласындағы барлық бөлімдер бойынша қала құрылысы кадастрының ақпараттық дерекқорын жинайтын және құратын, Бас жоспарды іске асыруды жобалау, нақты жоспарлау жобалары мәселелерін шешуге арналған бірыңғай орталық – Алматы қаласы әкімдігінің «Аппараттық-технологиялық орталық» ЖШС негізінде – «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды.

logo

Байланыс

050000 Алматы қ.
 ДОСТЫҚ ДАҢҒЫЛЫ, 85
Телефон: +7 (727) 272-44-01
Email: gp@almatygenplan.kz